Местоположение издательства:Переяслав-Хмельницкий, Украина
Аннотация:Қaзіргі тaңдa дeнсaулық сaқтaу сaлaсының нeгізгі прoблeмaлaрының бірі жoғaры өлім көрсeткіші бoлып тaбылaды. Оның сeбeптeрі жeтeрлік. Сoның ішіндe шұғыл мeдицинaлық көмeк көрсeту бойыншa бeлсeнді іс-қимылдaрды тaлaп eтeтін шұғыл жaғдaй туындaғaн aдaмғa aлғaшқы мeдицинaлық көмeк көрсету мәсeлeлeріндe азаматтaрдың білімі жeткіліксіз. Бұл мәсeлe, әсірeсe, жaқын мaңдa мeдицинa қызмeткeрлeрі бoлмaғaн кeздe eмдeугe дeйінгі шұғыл көмeк көрсeту жaғдaйындa бaйқaлaды. Алғaшқы мeдицинaлық көмeк - бұл адaм өмірін құтқaру үшін, зақымдaну, жaзaтaйым oқиғaлaр мeн төтeншe жaғдaйлaр кeзіндe қapaпaйым шұғыл шаралар жиынтығы. Шұғыл медициналық көмек дұрыс көрсетуі оқиға орнында дәрігер кeлгeнгe дeйін нeмeсe зaрдaп шeккeн aдaмды aурухaнaғa жeткізгeнгe дeйін көрсeтілeді. Зaрдaп шeгушінің дeнсaулығы көмeк көрсeтушінің іс-әрeкeтінe бaйлaнысты болaды. Медициналық оқу орнында студенттерге шұғыл жағдайда, алғашқы көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен басқа да заттар бар емхана немесе аурухана жағдайында қалай әрекет ету керектігі үйретіледі. Алайда, төтенше жағдайда шұғыл көмек көрсету үшін қажетті деңгейдегі білім жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан ауруханалардағы немесе емханалардағы жас дәрігерлердің алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дұрыс орындай алмау ықтималдығы жоғары. Соңғы жылдары елде төтенше жағдайлар санының өсуі байқалады. Сондықтан студенттердің де, медициналық қызметкерлердің де білікті дайындығын қамтамасыз ету маңызды.Еуропалық Қызыл Крест курсы барлық қатысушыларының алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл сайын Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Ұлттық қоғамдары 15 миллионнан астам адамға алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді. Қазіргі уақытта 180 000-нан астам алғашқы көмек нұсқаушылары бар, олар өз қауымдастықтарында аллғашқы көмек көрсету дағдылары жаттығулар жасайды және алғашқы көмекті барлығына қол жетімді етеді.ДДҰ жақында мақұлдаған "Балалар өмірді сақтайды" бағдарламасы 12 жастан асқан барлық балалар үшін BLS, соның ішінде CPR жүргізуге арналған дағдыларды мектеп бағдарламасына енгізуге бағытталған. Кенеттен жүрек ұстамасы - Еуропадағы ауруханаға дейнгі ең жиі кездесетін өлім көрсеткіші болып табылады. Кәсіби емес, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың CPR жүргізу арқылы зардап шегушінің өмір сүру мүмкіндігін 2-4 есе арттырады. Бірақ, осы жағдайға қарамастан, соңғы жылдары көптеген Еуропа елдерінде CPR көрсетілегнімен, көрсеткіштер төмен деңгейде қалып отыр деп танылды. Германияның мәліметінше, CPR жағдайларының тек 20% - ын қарапайым жолаушылар жүргізеді, дегенмен олар 50% жағдайда жүрек ұстамасының куәсі болады. Ұқсас сандар басқа елдерде де жарияланған. Бұл жағдайды жақсарту қажеттілігі бүкіл Еуропа бойынша бірқатар бастамаларға, соның ішінде Еуропа парламентінің жыл сайын "жүрек ұстамасы туралы Еуропалық хабардарлық күнін" өткізуіне әкелді.Көріп отырғанымыздай, басқа елдерде алғашқы медициналық көмек мектеп жасынан бастап оқытылады, ал біз медициналық университетте оқып жүргенде тек 5-курста алғашқы көмек көрсетуді үйренеміз. Реанимация жөніндегі халықаралық байланыс комитетінің (ILCOR) тапсырысы бойынша зерттеулерге сәйкес Қазақстан Республикасында шұғыл көмек көрсетудің тиімділігі бар болғаны 8-12% - ды құрайды. Іс жүзінде бұл 10 адамның ішінен 1 адам ғана құтқарылатынын білдіреді. Сонымен қатар Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 58% (10-нан 6 құтқарылады), АҚШ-та 44% (10-нан 5 құтқарылады) құрайды.Біздің елімізде шұғыл көмек көрсететін медициналық және медициналық емес персоналды даярлау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 және ҚР ДСМ-269/2020 15 желтоқсандағы бұйрықтарымен регламенттелген. Медициналық студенттерге келетін болсақ, біздің университетте алғашқы медициналық көмек базалары тек бесінші оқу жылында оқытылады. Тек 2019-2020 оқу жылында біздің ЖОО-ның бірінші курс студенттері осы пән бойынша оқудан өтті. Төтенше жағдайларда студенттердің біліктілігі зардап шегушінің өмір сүру мүмкіндігін арттырады. Алайда, білімнің, қорқыныштың немесе немқұрайдылықтың болуына байланысты студенттер төтенше жағдайда шұғыл шараларды тікелей қолдана алмайды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Семей қаласының медицина университетінің II және III (екінші және үшінші) курс студенттерінің алғашқы медициналық көмек саласындағы білімдері мен дағдыларын бағалау, сондай-ақ бірінші курстан бастап алғашқы медициналық көмекті оқытудың тиімділігін көрсету арқылы Медицина университеті 1 курсының оқу бағдарламасына алғашқы көмек көрсету негіздерін кіріктірудің негіздемесін көрсету.